Бүгін Құдыс Қожамияров атындағы Республикалық мемлекеттік академиялық ұйғыр музыкалық комедия театрының ұйымдастырумен «Қазақстанның еңбек сінірген қайраткері», Бірінші дәрежелі «Барыс» және «Парасат» ордендерінің, Франц Кафка атындағы халықаралық сыйлықтың, Тәуелсіз Тарлан сыйлығының иегері, зерттеуші-ғалым, ақын Шөмішбай Нағашыбайұлы Сариевтің ұйғыр тіліне аударылған «Дунияни ашиқ көздә қаратсам...» атты жыр кітабының тұсаукесері өткізілді. Еліміз Президенті Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев Қазақстан халқы бір отбасының балаларыдай еңбек етіп, мемлекетіміздің экономикасы мен мәдениетін дамытуға және ұлттар достығын нығайтуға ерекше үлес қосып жатқанын үнемі айтып келеді. 1 мамыр - Қазақстан халқының бірлігі күні қарсаңында өткізілген бұл іс-шара келген қонақтарға үлкен әсер қалдырды. Көрнекті ақын Иминжан Тохтияров ұйғыр тіліне аударған «Дунияни ашиқ көздә қаратсам....» атты кітаптың рәмізді лентасын Ш. Сариевтың жұбайы Жұмагүл Сариева және Құдыс Қожамияров атындағы Республикалық мемлекеттік академиялық Ұйғыр музыкалық комедия театрының басшысы, «Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері», композитор Дилмурат Бахаров кесті. Іс-щара барысында сөзге шыққан Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт Министірлігінің вице министрі Дәуешов Нұрғиса Мұратұлы, Қазақстанның халық артісі, Қазақстанның Еңбек ері Роза Рымбаева, М. Әуезов атындағы әдебиет және өнер институтының бас ғылыми қызметкерлері, филология ғылымдарының докторлары Гүлжахан Орда, Алимжан Тиливалди, театр актері, «Қазақстанның еңбек көрсеткен қайраткері» Фархад Даутов, Иминжан Тохтияров Шөмішбай Сариевтың әдебиет дүниесінде айрықша мұра қалдырғанын, бүгінгі іс-шара қазақ-ұйғыр халқының ежелден басталған достығы поэзия әлемінде жалғасын тапқанын, тұсауы кесілген жыр жинағы бұл екі халықтың ынтымағын, тамырластығын дәлелдеп тұрғанын айтты. Танымал әншілер Медеу Арынбаев, Сулеймен Ибрагимов Ш. Сариевтың мәтінене жазылған әндерін тарту етті. Кеш соңында, атақты ақынның жұбайы Жұмагүл Сариева сөзге шығып, еліміздің Мәдениет және спорт министірі Оралов Асхат Раздықұлының құттықтауын жеткізген Нұрғиса Муратұлына, сондай-ақ аталмыш шараны ұйымдастырған Ұйғыр театрының басшысы Дилмурат Бахаровқа, кеш қатысушыларына үлкен рахметін айтып, ыстық лебізін білдірді.