Алматы қаласында Ұйғыр музыкалық комедия театрында Шөмішбай Сариевтің ұйғыр тіліне аударылған «Дуняни ашик көздә қаратсам...» атты кітабының тұсаукесері ұйымдастырылды. Салтанатты шараға мемлекет және қоғам қайраткерлері, ақын-жазушылар, зиялы қауым өкілдері, Шөмішбай Сариевтің жары, Қазақстан Республикасының Мәдениет және спорт вице-министрі Нұрғиса Дәуешов, қазақ эстрадасының жұлдыздары қатысты. Сазгер, ақын, қазақ поэзиясының көрнекті тұлғасы ретінде танылған ақын 500-ге жуық әнге сөз жазып, халықтың көңілінен шығатын көптеген әндерді сахна төріне қалықтатқан. Шөмішбай ағамыздың кітабын ұйғыр тілінде аударып қана қоймай екі елдің рухани сабақтастығының артуына себеп болды. Ағамыз өмірден өтсе де, қалдырған мұрасы халық жадында мәңгі сақталады. Ағамыз жайлы айтылар сөз көп. Кеңес Дүйсекеевпен жазған «Қарағым-ай» әні елімізді әлемге танытып, барша халық қосылып шырқайтын әнге айналды. Ағамыздың қалдырған мұрасын насихаттау баршамызға парыз. Ұйғыр театрының бастамасына алғысымызды білдіреміз. Мен өзім Шөмішбай Сариевтің батасын алған баланың бірімін. Студенттік шағымызда, өнерімізге сәттілік тілеп, өзінің ақ тілегін арнаған еді. Қазақта «Бетегеден биік, жусаннан аласа» деген сөз бар. Ағамыздың мейірбандылығы мен жанашырлығы баршамызға өнеге еді, – дейді Қазақстан Республикасының Мәдениет және спорт вице-министрі Нұрғиса Дәуешов. Роза Рымбаева ақынның сөзіне жазылған «Айналдым сенен атамекен-ай» әні бағын ашып, абыройын асқақтатқанын атап өтті. Мен Шөмішбай Сариевтің сөзіне жазылған әндерді ең көп орындаған жанмын. «Домбыра туралы баллада» деген ән дүниеге келгенде осындай да ән болады екен деп таңдай қақтым. Ал Айналдым сенен атамекен-ай» әні кезінде алыста жүрген бауырларымыздың жүрегін елжіретті. Осынау әннің арқасында шет елдерге шықтық. Қандастарымыз да осы әнді өздеріне ұран етті. Шөмішбай Сариев – ХХ және ХХІ ғасырдағы қазақ поэзиясын жоғары көтерген тұлғалардың бірі. Болмысы бөлек болатын. Ақынның қаламынан туған өлеңдері халық жадында мәңгі сақталады, – деді Қазақстанның халық әртісі Роза Рымбаева. https://adebiportal.kz/kz/news/view/somisbai-sarievtin-sygarmalary-uigyr-tilinde-zaryqqa-syqty__24528